{metadescription}
«Астрал» үлкен экранға қайта оралды
«Астрал» үлкен экранға қайта оралды

«Астрал» үлкен экранға қайта оралды

Фильмнің үшінші бөлімі бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатыр. Кинотуынды әдеттегідей триллер жанрында түсірілген. Алдыңғы 2 бөлімдегі оқиғалар осы «Астрал 3-те» жалғасын таппақ.

Фильм анасынан айырылған жасөспірім қыздың соңына түскен әруақтар жайында. Куинн марқұм анасымен байланыспақ болып, орнына басқа әлемнің жындарын шақырып алады. Осылайша, екі әлемнің ортасында келіспеушілік туындайды.Өлген анасымен байланыс орнатамын деп, жапа шеккен қызға тылсым күшке ие Элис есімді көріпкел көмекке келеді. Бір ерекшелігі, бұл жолы мистикалық жанрдағы көркем туындынының режиссері өзгеріпті.

Нариман Әбиев, «Меломан» компаниясының ресми өкілі:

- Фильм шынында да өте қызықты. Бұл жолы алдыңғы бөлімдерде сценарист болған Ли Уоннеллдің енді режиссер ретінде атқарған жұмысын көретін боламыз.

Ең үрейлі саналатын фильмнің алдыңғы бөлімдерін жұртшылық қызыға тамашалаған болатын. Ал «Астрал 3-ті» алғаш болып көргендердің айтуынша, бұл бөлім алдыңғыларына қарағанда әлдеқайда қорқынышты. Сол себепті оны 16 жасқа толғандар ғана көре алады.

Бауыржан Көлкай, көрермен:

- Қорықтым...Былай барлық сценарий ойдан шығарылғанын біліп тұрғаныммен, психологиялық тұрғыда  қорқыныш болды.

Осы тылсым күштермен күрес бейнеленген фильмді бүгіннен бастап еліміздің кинотеатрларынан көруге болады. Ал үрей шақыратын туындыны Қазақстанға таратушы «Дисней» мен «Сони» студияларының ресми дистрибьюторы – «Меломан» компаниясы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.