{metadescription}
Ақтауда жүргізушілер  шұрық тесік жолдарды дереу жөндеуді талап етті
Ақтауда жүргізушілер  шұрық тесік жолдарды дереу жөндеуді талап етті

Ақтауда жүргізушілер шұрық тесік жолдарды дереу жөндеуді талап етті

«Сырт көзге майлы қиян – батпан қала, жолдары мың шұңқыр боп жатқан қала». Бұл – қазіргі Ақтаудың сипаттамасы. Мұнда ықшамаудан аралығындағы жолдардың жөндеу көрмегенініне талай жыл болды. Көлік жүргізушілері шұрық-тесік жерлер автокөліктердің бұзылуына себеп деп шағымдануда. Ал әкімдіктегілер жолдарды толық жөндеуге қаржы жоқ деп отыр.

30-дан астам ықшамауданнан тұратын Ақтау қаласында қоғамдық көлік тек 3 бағытта ғана жүреді. Онда да тек негізгі жолдарды қамтыған. Сондықтан тұрғындар көбіне такси қызметін пайдаланады. Алайда такси жүргізушілері де қала ішінде кез-келген жерге бара бермейді. Себебі жол нашар...

Тәжірибелі жүргізушілер үй арасындағы жолдардың 20 жылдан бері жөнделмегенін айтады. Оған инженерлік желілер мен кәріз құбырларын жөндеу кезінде қазып кеткен жерлерді тағы қосыңыз. Ой-шұңқырды айналамын деп қарсы бағытқа шығып кетуге тура келеді.

Денис Ботенко, көлік жүргізушісі:

-Жолдар өте аянышты жағдайда. Бомбалаудан кейінгі көрініске ұқсайды. Бірақ оны жөндеу қала әкімдігінің ойына кіріп-шығатын емес. Бұрын тым болмағанда ырымын жасап тесіктерді бекітіп кетуші еді. Бірнеше жылдан бері ол да жоқ...

Көлік салығын дер кезінде төлеп отырған жүргізушілердің бұлай ашынатын жөні бар. Себебі, темір тұлпар тез бұзылатын болған. Ойқыш-ойқыш жол ең бірінші автокөліктің аса қымбат тұратын жүру бөлігін зақымдап кетеді екен.

Станислав Мухортов, механик:

-Бізге жүргізушілер «жолда бір қолымызбен рөлді ұстасақ, екінші қолымызбен көз жасымызды сығып аламыз» деп келеді. Олар жыламағанда қайтсін?! Тесік жолдан ұшқан біреуінің тас әйнегін сындырады, бірінің бөлшектері құриды. Оларды жөндеу де арзанға түспейді...

Ал жергілікті атқамінерлер бұл жағдайды реттеуге асығар емес. Биылғы жөндеу жұмыстарына 80 миллион теңге бөлінген. Алайда оған тек 5 ықшамаудан ішіндегі жолдар ғана жөнделмек.

Аманбек Таңатов, Ақтау қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

-Қаланың тозығы жеткен. Толық ауыстыруға қомақты қаржы қажет. Сондықтан бюджеттің бөлген қаражаты көлемінде біздер жөндеу жүргізіп отырмыз.

Өткен жылы қаладағы 12 ықшамауданының жолдарындағы тесіктерді бекітуге 52 миллион теңге бөлініпті. Нәтижесі мынау: ештеңе істелмеген. Қайта шұңқырлар тереңдеп барады. Дәл осындай жағдайды бастан өткерген ресейлік жүргізушілер шұңқырларға Рязань қаласы әкімінің суретін салып тастапты. Нәтиже оң: тесік жолдар 1-2 сағаттың ішінде бекітілген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде