Шымкентте жүргізушіге жұдырық сілтеген полицейлер жұмыстан қуылды
Жүргізушіні нұқып, балағаттаған шымкенттік жол сақшысы жұмыстан қуылып тынды. Оның кесірінен қасындағы 2 сержант та, взвод командирінің орынбасары да қызметтерінен босатылған.
Автор: Бек Әбиев
04.06.2015
Старшина Ағманов қызыл түске өтіп кетті деген жүргізушіні тоқтатып, құжаттарын сұрайды. Алайда, көлік тізгініндегі жігіт жол ережесін бұзғанын дәлелдеуді талап еткен. Бұған ашуланған тәртіп сақшысы оны балағаттап, тіпті жұдырық жұмсамақ болды. Бұл видео жарияланған соң Ішкі істер департаменті старшина мен екі сержантты жұмыстан қуыпты. Полицейлермен ерегескен жүргізуші де оңған жоқ. Билік өкіліне бағынбағаны үшін оған қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Жалпы осы оқиғадан кейін полиция басшыларының біразының басы дауға қалыпты.
Сұңғат Түгелбаев, Шымкент қалалық ІІБ бастығының орынбасары:
-Жеке құрамға бақылау жасамағаны үшін взвод командирінің орынбасары өз лауазымынан босатылды. Және де командир ротасы өз қызметіне толық сай еместігі жарияланды. Жол патрульді полиция полкінің кадр жөніндегі орынбасарларының әрқайсына қатаң сөгіс жарияланды. Сонымен қатар, жол патрульдік полициясының командиріне сөгіс жарияланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!