Қызылордада ақсақалдар Ленин ескерткішіне лайықты орын бөлуді талап етті
«Күн көсем» нағыз орнын Қызылордада тапты. Сыр өңіріндегілер Ленинге дәретхана күзеттіріп қойған.
Автор: Ербол Тұрымбет
04.06.2015
Бірақ бір заманда күллі қазақты зар еңіреткенін ұмытқан ба, жергілікті ақсақалдар Ильичке араша түсті. Ескерткішке күнделікті көз үйренген бүгінгінің белсенділері тас мүсінді іздеп, ақыры теміржол саябағынан тауып алған. Кезінде күллі Кеңес халқына жөн сілтеген «көсем» қазір дәретханаға жол сілтеп тұр. Көнені көксеушілер Лениннің қазіргі тұрысын жүрегіне ауыр алса керек, дереу қала басшылығынан ескерткішке лайықты орын бөлуді талап етіпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!