{metadescription}
Ақтөбеде шатысқан студент бөгде адамның  сәбиін ұрлап кетті
Ақтөбеде шатысқан студент бөгде адамның  сәбиін ұрлап кетті

Ақтөбеде шатысқан студент бөгде адамның сәбиін ұрлап кетті

Ақтөбеде студент бір жасар сәбиді ұрламақ болды. Азамат Шәріпов көшеде немересін серуендетіп жүрген зейнеткерді ұрып жығып, қолындағы баланы тартып алған. Оның бұл қылмысқа барғанына мүгедек әпкесі өзін кінәлап отыр. Себебі, арбаға таңылған оған белгісіз біреулер хабарласып, өлдіге санаған баласының перзентханада ауысып кеткенін айтады. Тіпті мекен-жайды да көрсетіпті. Мұны естіген інісі істің байыбына бармай тұра жүгірген.

Арбаға таңылған Самал Шәріпова қазір күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылған. Жалғыз бауыры Азаматтың қамауға алынғанына өзін жазғырады. Мүгедектігіне қарамастан жырты жыл бұрын босанған екен. Бірақ сәби шетінеп кетіпті. Ал жақында белгісіз біреу хабарласып оның өлдіге санаған баласын перзентханада ауыстырып жібергенін айтқан.

Самал Шәріпова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Телефонмен соғып, балаңды перзентханада ауыстырып жіберді деді. Алған адамдардың мекен-жайын да берді. Ініме сыртынан көріп қайтуды өтіндім. Кейін шынымен сол үйде сәби барын біліп, баламды қайтаруға оқталдым. Інім арандап қалып отыр.

-19 жастағы Азамат дәл осы жерде немересін арбаға салып серуендеп жүрген әжеге тап береді. Оның басынан ұрып, сәбиді ала қашқан. Тек такси жүргізушілері оның жолын бөгеп үлгеріпті.

Қазір студент қамауда. Оған адам ұрлығы бойынша айып тағылып жатыр. Ал сал ауруына шалдыққан Самалдың күдігін акушерлер растаған жоқ. Төсекке таңылған жанның сәбиі әлсіз болып мерзімінен ерте туылған. Шарана сол күні шетінеп кетті дейді мамандар.

Сәнтай Бержанова, Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары :

-Уақытынан бұрын босану болды. Салмағы 2.300. Бала деген асфекциямен туылды. Өте жағдайы ауыр болды. Себебі, балада көп құрсақішілік даму ақаулары болды. Шетінегеннен кейін тумалары, өзі баланы алып кетті.

Бірінші топтағы мүгедек енді інісінің жазаланбауын қалайды. Бірақ қылмыстық іс қозғалған. Соңғы нүктені тек сот қоятын болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.