{metadescription}
ОҚО-да мәдениетсіз басшыларының былапыт сөзін естуден шаршаған өнер адамдары шу шығарды
ОҚО-да мәдениетсіз басшыларының былапыт сөзін естуден шаршаған өнер адамдары шу шығарды

ОҚО-да мәдениетсіз басшыларының былапыт сөзін естуден шаршаған өнер адамдары шу шығарды

Мәдениеттен жұрдай басшы! Оңтүстік Қазақстандағы Мақтарал  ауданының мәдениет бөлімінің басшысы қарамағындағыларды балағаттап, тіпті жеке өмірлеріне араласады екен. Айтбай Тілесовтің аузына келгенін естуден жалыққан қызметкерлері ауданнан бастап, министрлікке дейін арызданған. Одан нәтиже шықпаған соң аудандағы мәдениетке жауапты мамандар ақыры плакат алып, көшегі өздері шықты.

Шымкентше шешесінен бастап, арамтамақ пен есек деген сөздерге бұл жиналғандардың әбден құлақтары үйреніпті. Айтбай Тілесов қызметке келген 4 жылда естімегеніміз жоқ дейді жыларман болған ауылдық мәдениет бөлімінің басшылары.

Шеберкүл Дәуренбекова, Мақтарал мәдениет үйі директорының орынбасары:

-Иттің астында жатсың ба? Кімнің астында жатсың, итіңмен деген сөздерді естідім. Енді ұятта болса айтайын. Сол сөздерді естуге қандай қақым бар менің. 5 баланың анасы болсам, өзім жесір болсам мені қорлауға қақысы бар ма ол кісінің?

Қымбат Ізбаева, Достық мәдениет үйінің директоры:

- Хабарландыру неге ілінбеген деп атаңа нәлет, ешак, арамтамақ дейді. Мені сонда Тілесов асырап отыр ма? 30 жылдан бері мені Тілесов сүйреп келе жатыр ма?

Адуынды басшыдан уақытылы айлық сұраудан да қорқатын болдық дейді ауылдық мәдениет үйінің басшылары. Ал клубтарда дені сау домбыра мен шымылдық секілді дүниелердің жаңартылмағанына талай жылдың жүзі болыпты. Мәселен, мына мәдениет үйіндегі еден тротуарға төселетін плиткалармен жабылған.

Дүйсек Жұмабаев, Ауылдық мәдениет үйінің директоры:

-Ауылдық жерлерге құрал-жабдықтар беру керек, жаңағы халыққа өнер көрсететін. Ондай ештеңе жоқ. Өз басымда ештеңе жоқ. Қаламсап та  жоқ.

Ашынған қызметкерлер жиналып бастығының жұмыс орнына барған. Бірақ Тілесовты кабинетінен таппай, ақыры оның біржола кетуін талап етті.

-Тілесов кетсін! Түңілдік одан!

Айтбай Тілесовтің дөрекілігін аудан түгілі облыс деңгейіндегі шенеуніктер де жақсы біледі екен. Жазаға да тартылыпты. Бірақ, жұмыстан алатындай кінәсі жоқ деп отыр.

Әлішер Есенбеков, Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары:

-Тәртіптік кеңестің шешіміне сәйкес бүгінгі таңда ол кісіге қатаң сөгіс түрінде жауапкершілік қаралады.

Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына келгелі басшының қыспағына шыдамай 20-дан астам адам жұмыстан кетіпті. Ал, қалғаны жеке басын балағаттағаны үшін енді Айтбай Тілесовты сотқа бермекші. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде