{metadescription}
Ақмола облысында студенттері тоққа түсіп өлген колледж директорының орынбасары қамауға алынды
Ақмола облысында студенттері тоққа түсіп өлген колледж директорының орынбасары қамауға алынды

Ақмола облысында студенттері тоққа түсіп өлген колледж директорының орынбасары қамауға алынды

Ақмола облысында сабақ үстінде 4 студенті тоққа түсіп өлген  колледж директорының орынбасары қамауға алынды. Оған «балаларды өлімге итермеледі» деген айып тағылып отыр. Ұстаздар студенттерге сатыны гаражға апаруды бұйырған екен. Ұзын темір сол кезде электр сымына тиіп кетіп, төртеуін бірдей тоқ ұрып өлтіріпті. Қара жамылған ата-аналар енді ұлдарын сабақ кезінде жұмысқа жеккен мұғалімдерді жазалауды талап етуде.

Қорғалжын ауылындағы Агротехникалық колледждің 7 студенті ұстаздар талап еткен соң мына сатыны көрші орналасқан ғимаратқа жеткізбек болған. Биік құрылыс бұйымы жол-жөнекей жоғары қуатты электр сымына тиіп кетіпті. Сөйтіп, 4 студентті тоқ соғып, сол жерде жан тапсырған. Тағы үшеуі құдай сақтап аман қалды.

Наталия Штопель, Қорғалжын ауылының тұрғыны:

-Менің балам: сатыға тоқтың келгенін бірден сездім де қолымдағыны тастай салып, қаштым дейді. Осылайша 3 студент тірі қалған. Енді балаларымызды жөндеу жұмыстарына кімнің мәжбүрлегенін анықтау керек. Бұл колледж басшыларының жауапсыздығы.

Ал 18 жастағы Әділхан мен Иса Жұмамұратов, 16 жастағы Виктор Навицкий, 16 жастағы Әділбек Аманкелдіні ұрған тоқ бірден сұлатып түсірген. Оларды да аман алып қалуға болар еді деп ата-аналары шырылдап отыр. Жедел жәрдем уақытылы жетпепті, ал кешігіп келген дәрігерлер тоқтан қорқып сең соққан балықтай теңселіп жатқан 4 балаға мүлдем жақындамаған.

-Тірі еді . Демалып жатты.Көмектесткен жоқ.

Қорғалжынға танымал мемлекеттік Агротехникалық колледж басшылары студенттерді қысы-жазы қара жұмысқа жегіп қояды екен. Оқуға кеткен балам үнемі шаршап келетін, - дейді марқұм Виктордың анасы.

Екатерина Навицкая, қаза болған студенттің анасы:

-Виктор құрылысқа емес, оқу үшін кетті. Ал, мұғалімдер қара жұмысқа салып қойған. Бұл бірінші рет емес,студенттер үнемі сол колледждің шаруасынан босамайды. Мен енді ұлымды қайтарып бер деп кімнен сұраймын?

Ал, Агротехникалық колледж  ұстаздары жұрттың жағасын ұстатқан қайғылы оқиғадан кейін сағат сайын жиналып, қайта-қайта кеңесуде. Кімнің кінәлі екенін өздері анықтап көрмек. Директордың айтуынша, бірінші курс студенттеріне ағаш тасуға оқу ісі бойынша орынбасары тапсырма беріп, балаларды қараусыз қалдырған.

Мұрат Мұхамедиев, Агротехникалық колледждің директоры:

-Мен өзім жаңа келдім, сөйлесіп жатырмын, түсініктеме алып жатырмын.Менен бастап жауап береді. Жауапкершіліктен қашпаймыз.

Бірақ, қайғыдан қан жұтқан ата-аналардың өз болжамы бар. Марқұм ұлдары алдағы аптада басталатын емтихан кезінде мұғалімдері оң көзбен қарар деп айтқандарын екі етпеген дейді.

Осы оқиғадан соң колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қамауға алынды. Қазір полицейлер өзге де ұстаздарды тергеп жатыр. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал токқа түсіп өлген 4 студенттің денесін сот сараптамадан өткізу үшін Астанаға жеткізілген. Болашақ агроном болуды армандаған жауқазын ғұмырлар сенбі күні Қорғалжында  жерленеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде