Астанада ветеринарлар ауру жұқтырған құс етін өртеп жіберді
Астанадағы сауда нүктелерінде сальмеонеллез ауруын жұқтырған құс еті тарап кеткен. Ветеринарлар дереу тексеру жүргізіп, қаладағы дүкендерде еркін саудаланып жатқан 19 тонна қауіпті тауық етін анықтады. Сөйтіп, бірін қалдырмай миллиондаған теңгенің өнімін полигонға апарып жағып жіберді.
Автор: Жәудір Оразхан
18.06.2015
Бұл жолы қауіп сырттан емес, отандық құс фабрикаларынан келген. Ауру анықталған тонна-тонна құс еті Алматы облысынан жеткізілген екен. Мамандар бір айда Астанадағы 45 дүкен мен қоймаларды аралап жүріп, сальмеонеллез жұқтырған 19 тонна құс етін анықтапты. Адам денсаулығына аса қауіпті өнімдерді жүк көлігіне тиеп, қала сыртындағы полигонға тасуда. Сөйтіп 10 миллион теңгенің өнімі күлге айналып кетті.
Айтбай Тайжанов, Астана қаласы бойынша аймақтық ветеринарлық бақылау инспекциясының басшысы:
-Сальмеонеллез тұрмыстық қарым-қатынастан, тауарды тасымалдау, сақтау кезінде жұғуы мүмкін. Былайша айтқанда тазалық болмағанда. Уақытша тоқтаттық, Алматы облыстық инспекцияға айтып, «Алатау құс фабрикасына» өздерінің тарапынан тексеріс жүргізіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!