{metadescription}
Астанада «Қазақстан барысы» турнирінің басталуына санаулы сағаттар қалды
Астанада «Қазақстан барысы» турнирінің басталуына санаулы сағаттар қалды

Астанада «Қазақстан барысы» турнирінің басталуына санаулы сағаттар қалды

«Қазақстан барысы» турниріне соңғы әзірліктер жүріп жатыр. Ертең сағат 12-00-де Астанадағы велотрек кешенінде осымен бесінші рет түйе балуандардың айқасы өтеді. 

Спорт сарайында қазір нағыз қарбалас. Қара күш иелері соңғы дайындықтарын пысықтаса, ұйымдастырушылар сахналық декорацияның қамымен жүр. Әр облыстан іріктелген 32 балуанның 16-сы бұған дейінгі турнирлерге қатысқан. «Қазақстан Барысының» әр жылдардағы атақты чемпиондары ертең де турнирдің көрігін қыздырмақ. Ұйымдастырушылар биыл төрешілердің сыйақысын 1 миллионға дейін өсіріп, додада ешқандай бұра тартуға жол бермеуге тырысамыз деп отыр. Ірі  сома тек жарыс бойы боз кілемде төрелік ететін 6 судьяға берілмек. Жүлде қоры 40 миллион. Ал қарсыластарының бәрінің жауырынын жер иіскеткен балуанның сыйы 28 миллион теңге. Қазақ күресінің жанашырлары бұқаралық сипат алған спорт түрін енді Олимпиадаға кіргізуді армандап жүр.

Арман Шораев, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы:

-Мысалы, жапонның сумосы олимпиадаға кірмесе бірақ бүкіл әлем біледі. Сүйеді тамашалайды деген сияқты. Дәл сондай биікке жетсек басқа арманым жоқ. Үкіметте жүрген ағаларымыз ондай әңгімені қозғаған. Олимпиадаға енгізу үшінқырауар жұмы істеу керек. Ол 10-15 жылдың жұмысы емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде