Шымкентте аңғал ұры полицейлерді күлкіге қарық қылды
Шымкентте ұрыны ұстаған полицейлер оны бейнекамерадан көріп, күлкіге қарық болды. Сұғанақты сырттай бақылап тұрған тәртіп сақшылары, дүкеннен шыға берісте қолына кісен салып әкеткен.
Автор: Бек Әбиев
03.07.2015
Тапа-тал түсте дүкенге кірген жігіт қожайынның жоқ екенін көріп, бірден суырмаларды ашып ақша іздей бастады. Бұрын осы жерге келіп жүргені байқалады. Еш бөгелместен теңге тұруы мүмкін түкпірлерді қарап шықты. Бірнеше минут ішінде жарты дүкенді ақтарған ол бар болғаны екі мың теңге тапқан. Тек дүкеннің шыға берісінде оны бейнекамерадан көріп тұрған күзетшілер мен полицейлер күтіп алды. Енді оңай жолмен пайдаға кенелгісі келген ұры екі мың теңге үшін үш жылын темір торда өткізуі мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!