{metadescription}
Семейде тұрмыстық техникасы жанып кеткен жұрт шу шығарды
Семейде тұрмыстық техникасы жанып кеткен жұрт шу шығарды

Семейде тұрмыстық техникасы жанып кеткен жұрт шу шығарды

Семейде бір сәтте 40 үй тұрмыстық техникасыз қалды. Бұған тұрғындар электр энергиясымен қамтитын мекемені кінәлап отыр. Айтуларынша, желідегі ақау кесірінен, қуат шамадан тыс көтеріліп кеткен.

Көзді ашып-жұмғанша теледидар, тоңазытқыш, тіпті тоққа қосылған телефоннан да түк қалмаған. Техникадан будақтаған қою түтіннен тұншыға жаздадық дейді жұрт. Келген шығын әр үйде 100 мыңнан асады. Жарамсыз боп қалған техниканы тізіп, тұрғындар электр желілеріне жауапты мекемеге арызданыпты. Алайда, бірнеше күн өтсе де жауап жоқ. Энергокомпаниядағылар тілшілерге де түсінік беруден бас тартты. Енді тұрғындар келген залалды сот арқылы өндіруге бекініп отыр.

Алма Омарбекова, Семей қаласының тұрғыны:

-Тұрмыстық техниканың бәрі жанып кетті. Енді оны қайта келтіру әр адамға мына заманда оңай емес. Сондықтан біз арыз бергенбіз. Бірақ ,ешқандай нәтиже жоқ. Еш жауап ала алмай отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде