{metadescription}
Алматыда пәтер ішінде  өлген ит-мысықтың жағымсыз иісі жұртты шошытты
Алматыда пәтер ішінде  өлген ит-мысықтың жағымсыз иісі жұртты шошытты

Алматыда пәтер ішінде өлген ит-мысықтың жағымсыз иісі жұртты шошытты

Бір топ алматылық тұрғын көрші үйдің қолаңса иісінен құтыла алмай жүр. Пәтер иесі кезінде көп ит-мысық асыраған екен. Кейін жалғызбасты қария қайтыс болып, жануарлары қараусыз үй ішінде аштан қатыпты. Ал құлыптаулы пәтерді тазалап жатқан ешкім жоқ. Қолқа қабатын иісі болса, бүкіл подьезді алып кеткен. Шілденің ыстығында енді жұрт не істерге білмей отыр.

Қараусыз қалған мына пәтердің иесі біраз уақыт бұрын қайтыс болған. Қария жалғызбастылықтан болар, ит-мысықты көп асырапты. Тіпті көшедегі қаңғыбас жануарлардың өзі осы жерден пана тапқан. Кейін қария қайтқанда, сол ит-мысық жабулы пәтер ішінде қалған. Өлексе иісінен қазір үйдің маңына жуықтау мүмкін емес.

Көршілері амалсыздан пәтерді өздері тазалауға тырысқан. 10 мысық пен 2 иттің өлексесін шығарып тастапты. Бірақ әбден сіңіп қалған иістен құтылу қиын болып тұр.

Элла Патерсон, Алматы қаласының тұрғыны:

-Пәтерге аттап басу мүмкін емес. Өздеріңіз көріп тұрсыздар ғой. Бала-шағаға обал. Өлген ит-мысықтың жағымсыз иісіне тұншығып отырмыз. Ертең бұдан ауру тарамайтынына кім кепіл?!

Үй ішінде шыбын-шіркей мен құрт-құмырсқа да қаптаған. Жұрт бұған әкімдікті кінәлап отыр. Қызметкерлер қария қайтқанда пәтер ішінде қаптаған ит-мысықты көре тұра, есіктің сыртынан мөр басып жайына кетіпті. Содан айлап мұнда ешкім бас сұқпаған. Ал шенеуніктер әдеттегідей шашаларына шаң жуытқан жоқ. Айтуларынша, пәтерді тазалау міндеттеріне кірмейді екен. Дегенмен, иесіз үй коммуналдық тұрғынүй қорына өткізіліпті. Енді оған жаңа қожайыны жауапты екен.

Қайрат Нұрқаділов, Алматы қалалық Тұрғын үй басқармасының басшысы: 

- Пәтер 2014 жылдың желтоқсанында сот шешімімен иесіз деп танылды. Ал 2015 жылдың сәуірінде ол коммуналдық тұрғын үй қорына өтті. Енді бұл пәтер бекітілген тәртіп бойынша кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Баспананы сол алған адам реттеуі тиіс.

Тұрғындарға енді пәтердің жаңа иесін күтуден басқа амал жоқ. Шыдамағандарының алды уақытша қоныс аударып тыныпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.