{metadescription}
0:000:00
Еуро күн санап құнын жоғалтуда

Еуро күн санап құнын жоғалтуда

Еуро күн санап құнын жоғалтуда! Бұған Грекиядағы саяси жағдай әсер еткені сөзсіз.

Бұл елдің халықаралық кредиторлар алдындағы қарызы 320 млрд еуродан асқан. Ал грек үкіметі болса, қарызды қайтарудан ашық бас тартқан болатын. Енді Еуроодақ пен Афина ортақ мәмлеге келе алмаса, Грекия одақтан шығып, ортақ валютаны қолдану құқығынан айырылуы мүмкін. Бұл жалпы Еуроодақ экономикасына кері әсер етері сөзсіз. Қазірдің өзінде Грекиядағы жағдайға қатысты еуро көрсеткіші түсіп жатыр. Бүгінгі бағамы 204 теңге. Дегенмен, отандық экономистер еуро бағамы Қазақстан нарығына кері әсер етпейді деп сабырға шақырды.

Айдархан Құсайынов, экономист:

-Егер валюта саяси және әкімшілік тұрғыдан қатаң реттеліп отырса оған ештеңе әсер ете алмайды. Яғни, жан-жақты бақылаудағы теңге бағамы өзгермейді. Ұлттық валютамыз Ресей рублі екі есе құлдырағанда да құнын жоғалтқан жоқ. Еуроның жайы да зиянын тигізе қоймас.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде