{metadescription}
0:000:00
Депутат Ертаев: банкир Жомарт Ертаев менің балам емес

Депутат Ертаев: банкир Жомарт Ертаев менің балам емес

Мүгедектерге миллиард, ауқымды PR-акция, күш құрылымдары үшін дресс код және жеке өмір! Бүгін жазғы демалыстарын асыға күтіп жүрген Мәжіліс бірден 12 заңды бекітіп берді. Каникулға шығуға әлі 1 отырыс қалғанын ескерсек, депутаттардың жанталасуы бекер емес. Мүгедектердің тұрмысын жақсартатын жобаны бірауыздан қолдаған халық қалаулылары, атқамінерлерге этиканы үйретіп жеке өмірі жайлы да айтып салды. Тілшіміз Ербол Сейілхан да депутаттардың халықтан ештеңе жасыра алмайтынына көз жеткізіп келді.

Жазғы демалысқа шығудың уақыты өтіп кетсе де, депутаттар тым белсенді. Заңды да қабылдап, интернетті де ақтарып үлгеріп жатыр. Ал бүгін бекітілген 12 құжаттың ең маңыздысы еліміздегі жарты миллионнан астам мүгедекті жарылқайтын заң. Кембағал жандардың тұрмысын түзеуіне бюджеттен 10 миллиард теңге бөлініп қойған.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

-Тірек қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге берілетін пәтер 2-ші қабаттан жоғары болмау, басқа тұрғын үй берместен 3-ші топ мүгедектерін қызметтік тұрғын үйден шығаруға жол бермеу, мүгедегі бар отбасылардағы жалғыз ер баланы,әскерге шақыруды кейінге қалдыру.

Осындай әлеуметтік жеңілдіктерден бөлек, арбаға таңылғандардың ем алуына жағдай жасап, ескірген аппаратарын ауыстырып береді. Сонымен қатар үй, сауда нысандары мен жол саларда пандусты ұмытқандарға ірі көлемде айыппұл салынбақ. Бір қызығы басқасын айтпағанда, Есілдің сол жағалауындағы әкімшілік ғимараттардың көбінде пандусы оңып тұрған жоқ. Ал кейбір депутатты мүгедектердің күйінен бұрын, Қазақстанның шетелдегі имиджі толғандырып отыр. Сондықтан елімізді кеңірек жарнамалау үшін  әлемге ағылшын тілінде BBC CNN cекілді хабар тарататын арна газет пен  сайт ашуды ұсынды.

Жұматай Әлиев, Мәжіліс депутаты:

-Көкшетаудың арасында турист  баратын қандай жерлер бар солардың бәрін ашып көрсетуміз керек.Ақша келеді бізге қайтып имиджден. Имидждік бағдарлама жасау керек. Имиджге де ақша бөлінеді ғой.

Отанның абыройынан бөлек, бүгін депутаттар жеке өмірі туралы да ашып айтты. Себебі «Альянс банктен» ақша жеді деп шатылып жатқан  Жомарт Ертаев депутаттың ұлы екен деген қауесет Бақытжан Ертаевтың   әбден жүйкесін жұқартыпты.

Бақытжан Ертаев, Мәжіліс депутаты:

-Жұрт түнімен хабарласып жатыр. Сенің балаң ба дейді? Жомартты көрдім. Бірақ  менің балам емес. Шешесін де көрген емеспін. Бір купеде жүрген емеспін. Пойызда. Бір жағынан марқұм балама ұқсайды ол. Бір көргенде балам деп қалдым.Түрі ұқсайды екен.

Жеке өмірі туралы ағынан жарылған генерал Ертаев Мәжілісте Бас прокурордың орынбасары Жақып Асановтың шаңын қақты. Бұған шенді прокурордың төменгі палатаға қызметтік формасыз келуі себеп.

Генерал-лейтенант сын айтқасын, Бас прокурордың орынбасары   жауап қайтара алмады. Әскери тәртіп бойынша солай болуы тиіс те. Ал ашуға мінген Ертаев бұдан былай әскери форма кимеген күш құрылымдарының басшыларын Мәжіліске мүлдем кіргізбеуді ұсынды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде