{metadescription}
Жазғы каникулға шыққан депутаттар қайда демалатынын айтты
Жазғы каникулға шыққан депутаттар қайда демалатынын айтты

Жазғы каникулға шыққан депутаттар қайда демалатынын айтты

Тез жұмыс істеп тез сөйлейді! Парламенттегі соңғы қоңырау кезінде депутаттардың шектен тыс еңбекқорлығы мақталды. Ал жылдағыдан екі апта артық жұмыс істеген Сенат пен Мәжіліс бүгін жазғы демалысқа шықты. Жәй кеткен жоқ, қос палатаның біріккен отырысында шала заң дайындайтын Үкіметтің жұмысын сынға алып, күзге дейін қателерін түзетуге кеңес берді. Өздеріне шаң жуытпаған халық қалаулылары қайда демалады?  Бұған жауап бергісі келмеген депутаттарға тілшіміз сұрақты лифтіде тұрып қойды.

Мәжілісмендер мен сенаторлар да оқушылар секілді соңғы қоңырауды асыға күтеді. Сондықтан бүгін балаша қуанған қос палаталы Парламент үшін нағыз мереке. Халық қалаулыларының соңғы қоңырауына  премьер Кәрім Мәсімов бастаған министрлер кабинеті түгел келген. Алдымен Сенат пен Мәжілістің төртінші сессиядағы жұмысы қортындыланды. Баяндама жасаған спикер Жақыпов депутаттардың   тым еңбекқорлығын асыра мақтап ұзақ көсілді.

Қабиболла Жақыпов, Мәжіліс төрағасы:

-Аудармашылар  мен ілеспе аударманы оқитындар депутаттардың  шапшаң жұмыс істеумен қатар тез сөйлейтінін де айтты. Тіпті аударып үлгермейді екен.

Тез жұмыс істеп, тез сөйлейтін әріптестерінен мін таппаған спикер есесіне Министрлер кабинетінің қателігін көздеріне шұқып көрсетті. Үкімет дайындаған заңдардың 70 пайызын қайта жазып шығамыз деп, премьер Мәсімовке өкпесін айтты Қабиболла Жақыпов. Десек те бұған қарамастан қос палаталы Парламент ұзын саны 113 заң қабылдаған. Тосын жайт пен үлкен дау тудырған құжаттарды бекітумен аты шыққан мәжілісмендер мен сенаторлар сессия ресми түрде жабылған соң асығыс-үзігіс тарқай бастады.

-Жақсы демалыңыз...

Осылай бір-бірін құттықтағандар отырыс біткен бойда, тілшілерден қашты. Сондықтан халық қалаулыларының қайда тынығатынын білу үшін олармен бірге жағаласып лифтіге мінуге тура келді.

-Балалармен осы жерде Қазақстанда демалам.

-Әзірге әлі ойланған жоқпын.

-Бұл әдетте Испанияда демалады.

-«Ақжолдықтар» қайда демалады?

-Қазақстанда.

-Патриотсыздар.

-Бәрі емес әрине.....

Күлкілері жарқын жандар кабинеттерінде кофе ішіп шалқып отыр.  Керек-жарағын жинап, ұзақ жолға әзірлікті бастап кеткен.

Айгүл Соловьева, Мәжіліс депутаты:

-Мен демалуға Германияға барамын. Менің апам сол жақта,40 жылдай сонда тұрады. Ол менің үлкен апам. Соның халін сұрауға барып келемін.

Бірі Еуропада, екіншісі туған ауылында демалып болған соң облыстарды аралап сайлаушыларымен жолықпақ. Халық қалаулыларының  асыққаны соншалық, түскі асқа да қараған жоқ. Парламенттің каникулға кетуіне байланысты мына шаштараздың да пайдасы азаяры анық. Ал демалыстан тек депутат Темірхан Досмұханбетов Мәжіліске қайтып келмейді. Бүгін өз еркімен мандатын тапсырған ол, заң шығарудан гөрі жеке бизнеспен айналысуды жөн көріпті.

Осылайша, Мәжіліс пен Сенатта ғана емес, Астананың саяси өмірінде де  уақытша тыныштық орнайды. Ал бас қаладан тезірек кетуге асыққан депутаттар Есілдің сол жағалауына тура 1 жарым айдан соң яғни қыркүйектің бірінде оралмақ. Бұған дейін күш жинап күнге қыздырынып, жақсылып тынығып алмақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.