{metadescription}
Ақмола облысында ауыл әкімін жұмыс кабинетінде күйеуі пышақтап өлтірді
Ақмола облысында ауыл әкімін жұмыс кабинетінде күйеуі пышақтап өлтірді

Ақмола облысында ауыл әкімін жұмыс кабинетінде күйеуі пышақтап өлтірді

Ақмола облысында да ауыл әкімі кісі қолынан ажал құшты. Белағаш ауылдық аймағын басқарған Яна Крыльді тура жұмыс кабинетінде өз күйеуі пышақтап өлтірген.

33 жастағы келіншек бірден ауруханаға жеткізілгенімен, тілге келмей көз жұмды. Оқиға кешқұрым болған. Жұмыс орнында ауыл әкімінен басқа тағы бір қызметкер отырыпты. Кенет әкімнің азаматтық некеде күйеуі келіп, шу шығарады. Жанжал кезінде ол Янаға бірнеше жерінен пышақ сұғып алған. Қарамағындағы қызметкер көмекке жүгіргенімен, тым кеш еді. Ашынған еркек өз-өзіне де қол жұмсақ болған. Қазір ол да қатаң күзетпен емдеу мекемесінде жатыр. Ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Күні кеше ғана, Шығыс Қазақстандағы Күршім ауданының әкімі де кісі қолынан өлген болатын. Ол іс бойынша, жалғыз күдікті ретінде Алтайбек Сейітовтың көлік жүргізушісі қамауда отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде