{metadescription}
Келімбетовтың мәлімдемесінен кейін доллар бағамы дереу өсіп кетті
Келімбетовтың мәлімдемесінен кейін доллар бағамы дереу өсіп кетті

Келімбетовтың мәлімдемесінен кейін доллар бағамы дереу өсіп кетті

Доллар тағы да қымбаттайды!  Бүгін Ұлттық банк доллар бағамының шеткі дәлізін 10 теңгеге өсірді. Сөйтіп, АҚШ валютасы 188-ден 198 теңгеге бір-ақ шарықтауы ғажап емес. Десе де, бас банкир Қайрат Келімбетов жұртты сабырлыққа шақырып отыр. Айтуынша, қазіргі бағам біраз уақыт сақталып, қаржы саласындағы өзгерістер біртіндеп іске аспақ. Десе де, бас банкирдің мұндай уәдесінен опық жеп қалған жұрт қолда барын қазірден долларға айырбастап жатыр.

Доллардың көтерілуін көптен күткен жұрттың бүгін айтқаны айдай келді. Ұлттық банк доллар бағамының шеткі дәлізін тағы кеңейтіп отыр. Сөйтіп, 188 теңге тұратын доллар алдағы уақытта 198 болып құбылуы мүмкін. Бас банкир мұның қаржы саласындағы қажеттіліктен туындағанын айтады. Яғни, тұрақтылықты сақтау тікелей соған байланысты екен.

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

-Осы уақытқа дейін біз доллар бағамының былтырғы дәлізімен жұмыс істеп келдік. Ол өзінің шегіне жетіп отыр. Яғни 188 теңге. Осы арқылы былтыр инфляцияға жол берген жоқпыз. Енді биыл доллардың құбылу дәлізін тағы 10 теңгеге көбейтсек қаржы саласындағы қиындықтардан құтыла аламыз.

Десе де, Келімбетов доллар кұнын бігүн-ертең шарықтатып жіберуге жол бермеймін деп отыр. Яғни, бұл біртіңдеп іске асатын шаруа. Тек жылда алданып қалатын жұрт қолындағы теңгесін қазірден долларға ауыстырып жатыр. Ал, кейбір айырбастау нүктелері бағаның өсуін күтіп АҚШ валютасын сатпай қойған.

Мұндай өзгерісті көптен күттік дейді сарапшылар. Өйткені долларға әлемдік сұраныс жоғары екен. Сондықтан оның бағамын жібермей ұстап тұру, Үкіметке қып-қызыл шығын. Осы уақытқа дейін Ұлттық қордың резервінен бөлінген 27 миллиард теңгенің құлдырауын құтқара алмады дейді мамандар. 

Жангелді Шымшықов, экономист:

-Келімбетовке сену өте қиын. Ұлттық банкі сәл болса да жауапкершілігі болуы керек халықтың алдында. Жұмсап жатқан қаражаттың желге кетіп жатқанын түсіну керек. Сондықтан ащы шындық өтіріктен артық. Сондықтан қазіргі шынайы курс 200-210 қазірден тағайындаса ештеңе болмас еді.

Валюта айырбастау пунктерінде әзірге өзгерістер байқалмайды. Сарапшылар тек алдағы бір-екі аптаның ішінде теңге құлдырай бастайды деп топшылап отыр.

Ал, Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың сөзі тек оптимизмге толы. Қаржы саласындағы мұндай өзгерістер тұрақтылықты сақтап, инфляцияға жол бермейді  дейді банкир. Десе де былтыр дәл осындай уәде бергеннен кейін ұлттық валюта қатты құлдырап, тұрғындар сан соғып қалған.  Бас банкир девальвация экономиканың тұрақты өсімін сақтап қалды деп қуанған еді сол кезде де.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде