{metadescription}
Қызылорда облысында жанармай бекеті жарылып бірнеше адам өлім аузында жатыр
Қызылорда облысында жанармай бекеті жарылып бірнеше адам өлім аузында жатыр

Қызылорда облысында жанармай бекеті жарылып бірнеше адам өлім аузында жатыр

Қызылорда облысында жанармай бекеті отқа оранды. Жанған аумақ «Аралтұз» кәсіпорнына тиесілі екен. Ал оқыс оқиға салдарынан 3 қызметкері ауыр жарақат алып, хал үстінде жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, күндіз бекетте бір қондырғы атылып, соңы алапат өртке ұласыпты. Будақтаған түтін бірнеше шақырым жерден көрінді. Үш жұмысшы жалынға оранған резервуардан өздері шығып, ауруханаға да өз аяқтарымен жетіпті. Қазір барлығы Арал аудандық ауруханасында жатыр. Денелерінің 90 пайыздайы күйіп қалған азаматтардың жағдайлары өте ауыр. Туыстары оларды мамандандырылған медициналық мекемеге ауыстыруды өтініп отыр. Ал дәрігерлер хәл үстінде жатқан сырқаттарды тасымалдайтын санавиацияның ұшағын шақырта алмай  әлек.

Гүлқияш Құлмамбетова, науқастың туысы:

- 85-95 пайыз күйікке аудандық ауруханада жасалмайды. Олардың бүйрегіне көмек керек, гемодиализ. Ол тек Қызылорда облыстық ауруханасында жасалынады. Ең жоғары көмек Шымкенттің күйік орталығында. Бізге енді Қызылордаға жетіп алу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.