{metadescription}
0:000:00
Көкшетаулық үлескерлер  далада қалғалы тұр

Көкшетаулық үлескерлер далада қалғалы тұр

Көкшетауда 80 отбасы баспаналарынан айырылғалы тұр. Барлығы кезінде үлес құрылысқа ақша құйып, пәтерлі болғандар. Алайда үйге кіргендеріне 3 жыл өтсе де, құжат жүзінде әлі меншік иесі емес. Енді бола қоюы да екіталай. Өйткені төрт қабатты үйдегі пәтерлер түгел құрылыс компаниясы директорының атында екен. Ол болса, жақында банкрот деп танылып, мүлкі түгел бұғатталыпты. Өз үйінде жүріп, кісі қолына қараған тұрғындар енді не істерге білмей отыр. 

Бұл үйдің тұрғындары 3 жылдан бері үлес құрылыспен алған пәтерлерін заңдастыра алмай жүр. 80 отбасы құрылыс компаниясы банкрот деп жарияланғанын естігенде тіпті естерінен тана жаздады. Өйткені пәтірдің барлығы сол серіктестік директорының атында. Онысын экономикалық сот түгел бұғаттап тастаған. Басқа қарызын айтпағанда «Жекебатыр» компаниясы салық бойынша 146 миллион берешек.  

Сейітқали Жүзенов, үлескер:

-Қорқып тұрмыз,қолда документ жоқ. Жекебатыр қазір оған май болып тұр. Күллі берешекті лақтырып отыр. Осы күнге дейін жүргенде мәселе болды.Ол күнде кездескенде,сөйлескенде аға,бауыр,туыс бәрі орнына келеді, заңға келеді,мен сендерге үйлеріңнің құжаттарын әкеп берем деді.

Үлескерлер осы 4 қабатты үйді тұрғызу үшін серіктестікке 854 миллион теңге төлепті. Пәтерлерді қара сылағымен алып, өздері жөндеген. Еш жерде тіркеуде жоқ нысанға су мен жарықты да әзер тартқызған екен.

Зәуреш Зарапова, үлескер:

-Біз оған алдандық. Енді банкрот болды. Жүрегіміз лүпілдеп қорқып тұрмыз далада қаламыз ба деп.4,5 миллион салдым.далада қалсам не болады.

Сот шешімімен компанияның бас директоры Нұрлан Дүйсенбаевтың барлық мүлкі, яғни 15 нысан қазір бұғатталып тұр. Оның арасында мына дауға айналған 4 қабатты үйдің тұрған жері де бар.

-Мұнда жұрт 3 жыл тұрса да, қаланың қақ ортасында қасқайып тұрған көпқабатты үй еш жерде тіркеуде жоқ. Сондықтан нысан орналасқан жер учаскесі ғана бұғатталып тұр. Бір қызығы, кәсіпкер мұндағы заңдастырылмаған 8 пәтер мен 4 кеңсені банкке кепілдікке қойып миллиондап несие алған. Енді ол пәтерлер қарызы өтелмейінше заңдастырылмайды деген сөз.

Бір қызығы, үлескерлерді сергелдеңге салып қойған серіктестіктің бас директоры үйлеріңіді ешкім алмайды деп оларды жұбатқан болады. Ал өзінің банкрот болуын банктерден көріп отыр.

Нұрлан Дүйсенбаев, «Жекебатыр»ЖШС бас директоры:

-Банктер өз міндеттерін орындамады. Қайта есептеу кезінде алдады мені. Енді міне,осындай қиындыққа тап болдым. Тұрғындардың жерінің құжатын бердім, құжат реттелсе, үйлерін заңдастырады.Қазір банктермен соттасып жатырмын.

Шынымен қазір банктің бірнеше қызметкеріне осы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалған екен. Бірақ, бұл да тұрғындардың мәселесін шешпейді. Үлескерлер енді серіктестік директорына алаяқтық жасады деп сотқа арыз түсірмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.