Атырау облысында туған қарындасын зорлаған педофил сотталды
Атырауда қарындасын 3 жыл бойы зорлап келген педофил сотталды. Енді ол алдағы 17 жылын қатаң тәртіптегі түрмеде өткізуі тиіс.
Автор: Жанар Низамутдинова
28.07.2015
Оқиға Қызылқоға ауданында болған. 28 жастағы азғын арақ ішіп алып, өзінің 2000 жылы туған қарындасын жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Жасұланбек Тілеуов анасының науқастығын пайдаланып, 12-де бір гүлі ашылмаған жеткіншекті 3 жыл бойы зорлапты. Қарсылық танытса, «сыныптастарыңа айтып, масқаралаймын» деп қорқытқан. Тергеу барысында айыпталушы кінәсін мүлде мойындамады. Алайда, сот тергеуде келтірілген дәлелдер бойынша, айуандық жасаған ағаны 17 жылға бас бостандығынан айырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!