Астанада 8 баласымен қаңғып қалған батыр ана халықтан көмек сұрады
Астанада 8 баласымен қаңғып қалған батыр анаға баспана табылды. Көмекке мұқтаж отбасы далада емес, әйтеуір қала шетіндегі жатақханада түнеп шыққан. Бірақ бұл да уақытша пана.
Автор: Ербол Сейілхан
30.07.2015
Қуықтай бөлмеде отағасы да отыр. Ауыр сырқаттан кейін мылқау боп қалған 8 баланың әкесі,70-ке тақаған Рысбек бүгін ауруханадан шығыпты. Сөйтсе, баспаналары сүрілгенде оның қан қысымы көтеріліп кеткен. Ал шиеттей бала-шаға бірнеше күннен ыстық тамақ ішпей, бәрі әлсіреп жүр. Дастарханда нан мен шайдан басқа түк жоқ. Оның үстіне биыл мектепке баратын 4 балаға киім- кешек,оқу құралдары ауадай қажет. «Алтын алқа иегері» қолұшын созған Астана әкімдігіне дән риза. Дегенмен әлі көмекке зәру. Көпбалалы шаңыраққа көмектескісі келетіндер экрандағы телефонға хабарласа алады.
Жеңісгүл Ермұхамбет, «Алтын алқа иегері»
- Ауызбен айтып жеткізе алмаймын. Біздерді жебеп адамдар көмектесіп жатыр. Осы жатақханада 3 күн тұрғызамыз деді. Әрі қарай уақытша пәтер тауып береміз дейді. Онда қанша тұратынынды білмеймін. Қалалық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы далада қалмайсың деді ғой.
Отбасының телефоны: 8 702 517 24 75
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!