{metadescription}
ДСҰ-ға кіргеннен кейін Қазақстанда көлік бағасы арзандай ма?
ДСҰ-ға кіргеннен кейін Қазақстанда көлік бағасы арзандай ма?

ДСҰ-ға кіргеннен кейін Қазақстанда көлік бағасы арзандай ма?

Үкімет отандық өндірісті Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы бәсекелестер жұтып жібермес үшін алдын-ала қамданып жатыр. Әсіресе көлік құрастыратын кәсіпорындар басты назарда, - дейді шенеуніктер.

Жәнел Күшікова, Ұлттық экономика министрлігі Сыртқы сауда саясаты департаментінің директоры:

- Қазір отандық автоөндірісті  қорғаудың  жан-жақты әдіс-тәсілін  қарастырып жатырмыз. Мәселен, жеңілдетілген салық төлеуге жағдай жасау, шетелдерден  ескі көліктер тасымалдауға  тыйым салу сынды шаралар қолданамыз. Мұның бәрі біздің көлік құрастыратын  кәсіпорындардың әрі қарай дамуына  көмек болады.

Жуырда импорттық көліктерге  кедендік баж салығы  төмендейді. Бірақ министрліктегілер «артынша шетелдік темір тұлпарлардың  бағасы бірден арзандайды» деп уәде бере алмады. Бәрі  нарықтағы жағдайға байланысты екен. Ал сарапшылар «еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген соң сырттан келген көліктердің құны  кем дегенде 15-30 пайызға түседі» деген болжам айтып жүр.  Сондай-ақ, елімізге француздың, голландияның қымбат  ірімшігіне, швейцарияның жоғары сапалы шокаладына да кедендік баж салығы төмендейді. Ал мұнай өнімдері, металл және ауыл шаруашылығы тауарларының экспортына белгіленген тариф сол күйінде қалады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде