{metadescription}
«Астана» УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнау құқығына ие болды
«Астана» УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнау құқығына ие болды

«Астана» УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнау құқығына ие болды

"Астана" футбол клубы «Шахтердің» ерлігін қайталап, УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнау құқығына ие болды. Дегенмен, жерлестеріміз мұнымен тоқтап қалмақ емес. Олар ендігі қарсыластарын да жеңіп кетсе, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде әлемнің ең мықты командаларымен ойнайтын болады. 

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Финляндияның «ХИК» командасымен кездескен елордалық команда бірінші ойынын сырт алаңда өткізіп, 0:0 есебін тіркеген еді. Сөйтіп, келесі кезеңге кімнің шығатыны екінші ойында белгілі болды. Ойын барысында 0 де 2 есебімен ұтылып жатқан аяқдопшыларымыз есепті теңестіріп қана қоймай, қосымша уақыттың ең соңғы минуттарында жеңіс голын соқты. Сөйтіп, есеп 4 те 3 болды. Айта кетейік, тартысты ойында астаналықтар сапынан Твумаси, Каньяс, Шомколар мергендік танытты. Ал жеңіс голының авторы – қорғаушы Кирил Постников.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде