Семейде жол ақысы 20 теңгеге бір-ақ көтерілмек
Семейде дүйсенбіден бастап қоғамдық көліктегі жол ақысы 20 теңгеге қымбаттайды. Яғни енді 60 теңгенің орнына тұрғындар 80 теңге төлемек. Автобустардағы осындай хабарландыруларды көрген тұрғындар қала әкімдігінің алдына жиналып, наразылық білдірді.
Автор: Ұлан Нұрахмет
14.08.2015
Лидия Игнатенко, Семей қаласының тұрғыны:
- Жол ақысы жылдан-жылға көтеріліп жатыр. Бірақ соны айтар адам болмады. Олар халық осы жолы да үнсіз қалады деп ойлап отырған шығар. Енді олай болмайды. Бұл 10 немесе 5 теңге емес қой. Оның өзі біздің қалтаға ауыр соғады.
Ал жолаушы тасымалымен айналысатын компаниялар мұндай қадамға көлік бөлшектері қымбаттаған соң бардық дейді. Сондай-ақ, олар жол ақысы қымбат басқа қалаларды мысалға алып отыр. Бірақ семейліктер өздерін Өскемен сияқты шаһарлармен салыстырмау керектігін айтуда. Өйткені бұлардың жалақысы әлдеқайда төмен. Олар осыны атқамінерлердің құлағына жеткізуге тырысты. Ал шенеуніктер бұл мәселе толыққанды тексерілмей жатып баға көтерілмейді деп отыр. Сол үшін мұнымен қазір арнайы комиссия айналысуда.
Қайрат Сабырбай, Семей қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:
- Жергілікті билік пен жолаушылар тасмалдаушылар арасында белгілі бір мерзімге жасалған келісім-шарт бар. Сол келісім-шарт негізсіз бұзылған жағдайда, бұзған тарап заң алдында жауап береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!