Индонезияда ұшақ апатқа ұшырап, 54 адам көз жұмды
Индонезияда жолаушылар ұшағы құлап, ондағы 54 адам түгел қаза тапты. Оның 5-еуі экипаж мүшелері болса, тағы 5-уі балалар. «Trigana Air Service» компаниясына тиесілі әуе кемесі Жаяпурадан Оксибиль қаласына бағыт алған екен.
Автор: Құралай Пионер
17.08.2015
Ресми ақпараттарға қарағанда, ұшақ кеше таңертең көкке көтерілгеннен кейін жарты сағаттан соң радардан жоғалып кеткен. Соның қалдықтары бүгін Папуа провинциясының маңынан табылып отыр. Әзірге «ATR 42-300» әуе кемесі тауға соғылып, құлауы мүмкін делінуде. Енді анықталғанындай, «Trigana Air Service» компаниясына тиесілі ұшақта 4 қапқа салынған 6 жарым миллиард рупий болған екен. Бұл жарты миллион АҚШ долларына тең. Қайырымдылық қорынан жиналған ақша Индонезияның Жаңа Гвинеямен шекаралас аймақтарында тұратын кедейлерге үлестіріліп берілуі тиіс болыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!