Қарағандыда алаяқтар 43 мемлекеттік мекемені сан соқтырды
Қарағандыда алаяқтар 43 мемлекеттік мекемені сан соқтырды. Олар халықты алдауда жаңа айла ойлап таппаса да, бұрын соңды осыншама кәсіпорынның қылмыскерлердің арбауына түскендігі тіркелмепті.
Автор: Әйгерім Асқарқызы
17.08.2015
Анығырақ айтсақ, олар жалған фирмалар ашып, мемлекеттік сатып алулар сайтына тіркеледі. Қызметтері мен тауарларына арзан баға сұрағандықтан тендерлерден ұтып отырған. Сөйтіп, заң бойынша тиесілі ақыларының 30 пайызын алып, сол қаражатпен ізім-қайым жоғалады екен. Олардан зардап шеккендер қатарында мектептер, жоғары оқу орындары, әлеуметтік және мәдени мекемелер бар. Екі жыл ішінде бюджеттің 29 млн теңгесі солардың қалтасына кетіпті. Алаяқтарды ұстау да қиынға түскен жоқ. Қазір күдікті ретінде 10 адам ұсталды. Кінәлары дәлелденсе, мүліктері түгел тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!