Астана әуежайында қымбат тондарды заңсыз олжаламақ болғандар ұсталды
Астана әуежайында ірі контрабандалық тауардың жолы кесілді. Қытайдан 320-дан астам жуық құндыз тонды заңсыз алып келген азаматтың қолына ұшақтан түскен бойда кісен салынды. Мына сөмкелердің барлығында құндыз тондар оралған. Оны белгісіз азамат Пекин-Астана рейсімен қазақ жеріне алып келіпті. Алайда оның қулығы әшкере болды. Тінту кезінде полицейлер жалпы саны 324 құндыз тонын тәркіледі. Оның нарықтағы бағасы 350 мың АҚШ долларынан асып отыр. Қазір күдікті контрабандалық жолмен тауар тасымалдағаны үшін қамауға алынып, оған қылмыстық іс қозғалды.
Автор: Досжан Маратұлы
18.08.2015
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!