{metadescription}
Мұрат Оспанов мемлекеттік қызметке қайта оралуы мүмкін
Мұрат Оспанов мемлекеттік қызметке қайта оралуы мүмкін

Мұрат Оспанов мемлекеттік қызметке қайта оралуы мүмкін

Мұрат Оспанов мемлекеттік қызметке қайта оралуы мүмкін. Астанадағы кассациялық сот жаңа Қылмыстық кодекс бойынша сотталған экс-шенеуніктің адвокаты жазған өтінішті қайта қарап, қаулы шығарыпты. 

Судья Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасын

 «жеті жылға дейін  мемлекеттік қымет атқару құқығынан айыру» туралы үкім кескен еді. Кейін Оспановтың адвокаты  жазаның дәл осы бөлігін алып тастау туралы өтінішін жазыпты. Мұны кассациялық сот мақұлдап отыр. Естеріңізге салсақ, ақпанда судья  Мұрат Оспановты ірі көлемде пара алғаны үшін соттап, жаңа Қылмыстық кодекске сай 1 миллиард 101 миллион теңге  айыппұл төлеу, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру және  бүкіл мүлкін  тәркілеу туралы үкім кескен еді.  Оспанов осы айыппұлдың 250 миллионын төлеп қойыпты. Ол  «электр энергиясының құнын көтеру үшін «Атырау жарық» компаниясынан 300 мың доллар пара алды» деген күдікпен ұсталған болатын. Экс-шенеунік болса, қыруар қаржыны қызының ұзату тойы үшін кәсіпкер досымнан алдым деп сол күйі кінәсін мойындамай кетті.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде