Ақтөбе облысындағы ең ірі мұнай команиясы жұмысшыларын жаппай қысқартуда
Ақтөбе облысындағы ең ірі мұнай команиясы жұмысшыларын жаппай қысқартып жатыр. Қытайлық инвесторларға тиесілі «Ұлы қабырға» серіктестігі бір күнде екі жүзге тарта мұнайшымен қош айтысыпты.
Автор: Жаңалық Ахаш
18.08.2015
Компания басшылары қара алтын бағасы құлдырағалы бері шаруаларының тұралап қалғанын алға тартуда. Осыдан екі жыл бұрын алпысқа жуық мұнай бұрғылау бригадалары болса, қазір соның небары бесеуі ғана тұрақты жұмыс істеп тұр. Енді жұмысшы санын қысқартудан басқа амал жоқ деп ақталады. Мұны еңбек инспекциясындағылар да құптаған. Тіпті мұнайшылардың кәсіподағы да тізімнің екі жүз мұнайшымен шектелгеніне шүкіршілік етеді. Себебі қытайлықтар алғашқыда алты жүз адамды қысқартуды жоспарлапты. Жұмыссыз қалғандардың басым көпшілігі – еліміздің әр түкпірінен қатынап жұмыс істейтіндер. Ақтөбе әкімдігі олардың бәріне жұмыс іздеп, бастарын қатырмайтынын айтады. Тек жергілікті 80 мұнайшыға ғана жаңа жерге орналасуға көмектерін бермекші.
Алтынбек Әмірғалиев, Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
- Олар жұмыспен қамту мекемесіне келіп тіркелген болатын болса жұмыстан қысқартылған жұмысшылар онда біздер жұмыс ұсынамыз. Біздерде кешенді жоспар жасалынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!