{metadescription}
Семейде қаланы көркейтушілер жалақысын даулады
Семейде қаланы көркейтушілер жалақысын даулады

Семейде қаланы көркейтушілер жалақысын даулады

Семейді көгалдандыруға жауапты 253 адам бір мезетте өз міндеттерін атқарудан бас тартты. Осылай наразылықтарын білдірген жұмысшылар екі айдан бері көк тиын да көрмепті. Белшеден қарызға баттық деген көше сыпырушылар мен гүл өсірушілер бұған дейін мұңын айтып, шенеуніктерге талай барған. Алайда жарытып жауап ала алмапты.

Шыдамдары шегіне жеткен мына бір топ адам қаланы көркейту және көгалдандыру жұмыстарымен айналысады. Бірақ бүгін жұмыстарын ысырып, наразылықтарын білдіруге шықты. Себебі, екі айдан бері маңдай тер ақылары берілмеген.

Рағына Тоқтамысова, гүл өсіруші:

- Біз жылуға қарызбыз. Суға қарызбыз. Светке қарызбыз. Менің үш несием бар. Ол да төленбей жатыр.

айтып, олар талай рет әкімдіктің табалдырығын тоздырыпты. Алайда қазынада қаржы жоқ деген жауаптан өзге сөз естімеген. Қазір әкімдік қарамағындағы басқа мекемелер де еңбекақыға жарымай отыр екен.

Мансура Дүйсебаева, көше тазалаушы :

- Біздің директорымыздың қолында емес. Жоғарғы жақтан  сұрап отырмыз. Төлесін деп жалақымызды. Тым құрымаса, тамызға дейінгіні аванс қылып берсін.

Ашынған жұртқа басу айтар жан табылмады. Қазір бұл іске прокуратура араласып, тексеріс басталыпты.

Қаныш Матаев, Семей қаласы прокурорының аға көмекшісі:

- Қызметкерлер биылғы жылдың маусым және шілде айының жалақысын алмаған. Мекеменың 253 жұмысшыға берешегі 18 млн. теңгені құрап отыр. Бұдан, заң талаптарының бұзылып жатқанын аңғаруға болады.

Жалақысын даулаған жұмысшылар тым құрығанда, апта соңына дейін нәпақаларын бөліп төлесе екен деп отыр. Әйтепесе, бала- шағаларын мектепке қамдайтын соқыр тиындары да жоқ екен. Сондықтан құқық қорғау орындарына үмыт артуда. Ал прокурорлардың тек айыппұл салуға ғана қауқары бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде