{metadescription}
Балабақшаға таласқан астаналық ата-аналар жаға жыртысты
Балабақшаға таласқан астаналық ата-аналар жаға жыртысты

Балабақшаға таласқан астаналық ата-аналар жаға жыртысты

Астанада ата-аналар балабақшаға таласып, төбелесіп қала жаздады. Елордалықтар жылда бүлдіршіндерін балабақшаға орналастыру үшін жолдама алады. Сол үрдіс бойынша жұрт бүгін де таңғы сағат 5-тен бастап жиналған еді. Кезек күтіп әбден шаршаған жүздеген адамның есікке жеткенше жүйкесі  тозып, ақырында бір-бірімен жаға жыртысып қалды. Ашулы ата-аналарды ішкі әскердің сарбаздары күшпен әрең ұстап тұрды. Бірақ мұнымен мәселе шешілмеді. Бәріне бірдей орын жоқ.  Амалсыз қалған келіншектер ақыры балаларын құшақтаған күйі үйді-үйіне  жылап тарқады. 

Оқу орнының ауласын басып алған бұларға балабақшадан орын  керек. Бүлдіршіндерін мектепке дейінгі мекемеге іліндіру үшін жүздеген адам таңғы сағат 5-тен бастап есікті торуылдап жүр. Ал, ұзын-сонар кезектің келетін түрі жоқ. Шыдамы таусылған жұрт соңында бір-бірімен жаға жыртысуға дейін барды. Ашулы ата-аналарды ішкі әскердің сарбаздары күшпен әрең ұстап тұр.

- Қашан порядок болады? Қашан дұрыстап жүйені істейсіздер?Шаршадық біз уже. Таңғы 5-тен келіп күтіп тұрмыз. Ақша бергендер кірген, таныстары барлар кірген. Увольнять надо всех.

Мұнда тұрған аналардың көбі перзентханадан шыға салып сәбилерін балабақшаға кезекке қойған. Қазір сол бүлдіршіндердің жасы 4-тен асып кеткен. Ал, балабақша жақын күндері бұйырмайтынын түсінген келіншектер тіпті жылап жіберді.

Гүлбану Қосмаханова, Астана қаласының тұрғыны:

-  Баламыз сонда білімсіз бола ма? Еще садикке бармаған баланы қабылдамаймыз мектепке дейді. Сонда менің балам 4-те, әлі вообще садикке бармаған. Тіл білмейді бейшара, «р» әріпін әрең үйренді. Мынаны қара, 13 мыңыншы. Жарайды, 13 мың, миницентрге алсын хотя бы.

Мемлекеттік балабақшадан үміт жоқ, онда орын мүлдем қалмаған. Енді әкімдік жекеменшік балабақшаларға қосымша қаржы бөліп,  бүлдіршіндердің бірқатарын сонда орналастырмақ.

Ажар Қуанышбай, Астана қаласындағы №41 балабақшаның меңгерушісі:

-  Бүгін комиссия миниорталықтар мен мемлекет көмек көрсететін жекеменшік балабақшаға орналастырып жатырмыз. Яғни, 23 мың теңгені ата-ананың өзі,  ал 15900 теңгені  мемлекет  төлейді.

Ал мұндай мектепке дейінгі  мекемелерде небары 50 орын бар екен. Сондықтан бүгін таңмен  таласа  кезекте тұрған  жүздеген ата-ананың үміті үзілді.  

Астанадағы балабақша дауы мұнымен шектелмейтін сынды. Өйткені, енді шенеуніктер тізімге ілінбей қалған ата-аналарды айына екі рет қабылдамақ. Яғни әкімдіктегілер бұл жүйені шұғыл жөнге келтірмесе, мұндай талас-тартыстың әлі талайы болатыны анық. Өйткені, Астанада қазір 90 мыңнан астам бүлдіршін балабақшаға бара алмай үйде отыр.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде