Жамбыл облысы: «Қырым қанды безгегін» жұқтырды деген күдікпен 5 адам ауруханаға түсті
Жамбыл облысы тұрғындарына Конго-Қырым қанды безгегінен үлкен қауіп төнген тәрізді. Осы аса қатерлі дертті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен бес адам ауруханаға түсті.
Автор: Руслан Әбдіхалық
19.08.2015
Біреуі індеттен күні кеше қаза тапқан Қалмұханбет Қалхабаевтың әйелі болса, төртеуі дәрігерлер. Олар марқұммен байланыста болғандары үшін жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Әзірге ешбірінен вирустың белгілері табылған жоқ. Дегенмен әлі бір апта көлемінде қатаң бақылауда болып, тағы бір мәрте тексеруден өтеді. Егер сараптама қорытындысы оң нәтиже берсе тек сонда ғана үйлеріне қайтарылады. Денсаулық сақтау басқармасының сақтық шарасына аса ден қоюлары бекер емес. Өйткені қырым безгегінен осымен екі айдың ішінде екі адам көз жұмды.
Гүлмайра Момбекова, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:
- Жұғу қауіпі бар, бірақ мен сіздерге айтып отырмын ғой, ешқандай шағымсыз біз оларды жатқызып отырмыз. Дене қызуы көтерілмеген, анализдері жаңағы қандары аса қауіпті зертханаға жіберіліп, теріс нәтиже алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!