Есімов ЭКСПО-дағы басшылық құрамды қысқартты
«Астана-ЭКСПО-ның» басшылық құрамы қысқарды. Оған жақында ғана басшы болып барған Ахметжан Есімов ұлттық компанияның топ-менеджерлерін шетінен қызметтен босатып жатыр. Есімов ең алдымен басқарма төрағасының саны көп орынбасарлары мен басқарушы директорларды қысқартыпты. Яғни бес орынбасарын үшеу, тоғыз басқарушы директорды төртеу қылды. Сонымен, ұлттық компаниядағы 7 лауазымды қызметкер жұмыссыз қалды. Ал, компаниядағы бірнеше департамент біріктірілді. Сондай-ақ, Есімов ЭКСПО қызметкерлер жалақысының жылдық қорын 150 миллион теңгеге қысқартыпты.
Автор: Жәудір Оразхан
19.08.2015
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!