Талдықорғанда екі бірдей сауда орталығы отқа оранды
Талдықорғанда қатарынан екі сауда орталығы отқа оранды. «Болашақ» және «Аяқ киімдер әлемі» кешенін қоса есептегенде 2 жарым мың шаршы аумақ жанып кеткен. Мүлік шығыны көп болғанымен, зардап шеккен адам жоқ.
Автор: Құралай Пионер
20.08.2015
Өрт сауда орталығының бірінің шатырынан шыққан көрінеді. Әзірге оттың тұтануына нақты не себеп болғаны белгісіз. Сырты тез жанғыш материалмен жабылғандықтан қос ғимарат әп-сәтте қара күйеге айналып кетіпті. Тіпті түтін будақтай бастағанда саудагерлер сыртқа тауарын шығармаққа талпыныпты. Бірақ ешқайсысы үлгермеген. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, құтқару жасағы апат орнына біраз уақытқа кешігіп жетіпті. Оның үстіне, сулары да болмаған. Ал осы екі бірдей сауда үйінің өртенуінен 114 кәсіпкер шығын көріп отыр екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!