{metadescription}
Семейде жылу бағасы жоғарыламақ
Семейде жылу бағасы жоғарыламақ

Семейде жылу бағасы жоғарыламақ

Семейде жылу ақысы қымбаттамақ! «Жылукоммунэнерго» басшылығы жылу энергиясы мен судың бағасын алдағы бес жыл ішінде 53 пайызға көтеруді жоспарлаған. Осыған байланысты шенеуніктер тұрғындардың басын қосып, қоғамдық кеңес өткізді. Ал жұрт, әрине, бағаның бұлайша шарықтауына қарсылық білдірді.

Николай Исаев, Семей қаласының тұрғыны:

- Бір метрге жуық жылу құбыры жол үстінде ашық жатыр. Ал оны орауға ешкімнің шамасы келмей тұр. Мен бұл мәселені көтергелі қашан. Енді келіп  тариф көтеріміз деп отырсындар.

Ал коммуналшылар бұл қадамға берешекке белшеден батқандықтан             барғандарын айтуда. Құбырларды ауыстыруға қаражат қолбайлау болып отырған көрінеді. Тіпті мекеме көмірге, жарыққа және жұмысшыларға дейін қарыз екен. Бүгінде жергілікті «Жылукомунэнергоның» жалпы қарызы 1 млрд 600 млн-ға жеткен. Енді, тарифті қымбаттату тығырықтан шығарар жалғыз жол деп отыр. Бағаны көтеру жайлы облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментіне өтініш те жолданған.

Азат Рахымғалиев, Семей қаласы «Жылукоммунэнерго» МКК экономика бөлімінің басшысы:

- Біз алдағы жылы жылу тарифін 20 пайызға көтергелі отырмыз. Ал одан кейін 10 пайызға қымбаттайды. Сонда 5 жыл ішінде 50 пайыздан жоғары бағаға кеп тұрақтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде