{metadescription}
«Арселор Миттал» жұмысшыларының жалақысын қысқартпайтын болды
«Арселор Миттал» жұмысшыларының жалақысын қысқартпайтын болды

«Арселор Миттал» жұмысшыларының жалақысын қысқартпайтын болды

Атышулы «Арселор Миттал» металлургтер мен кеншілердің жалақысын 25 пайызға қысқартамыз деген ойынан айныды. Бірақ уақытша. Қазір компания басшылығы айлыққа қатысты есеп-қисапты қайта қарап жатқан көрінеді.

Компанияның мұндай байламға келуіне кеншілердің кәсіподақ ұйымының прокуратураға жолдаған арыз-шағымы әсер еткен болуы мүмкін. Өйткені олар «Арселор Миттал Темірау» акционерлік қоғамының бас директоры Виджай Махадеванның жалақыны қысқарту туралы бұйрығына қарсы шығып, құзырлы орынға лезде шағымданған. Ақырында компанияны тексерген еңбек инспекторлары шуға айналған бұйрықтың Еңбек заңдылығына қайшы екенін айтып, оны жарамсыз деп тануды талап етті. Бірақ компания заңгерлері де қарап қалмай, қазір сотқа шағым түсіріп, еңбек инспекторының сөзін жоққа шығаруға барынша әрекеттеніп жатыр. Естеріңізге сала кетйік, тамыздың басында Ресей рулбі құлдырағн соң, тауарларының өтпей жатқанын сылтауратқан «Арселор Миттал Теміртау» басшылығы жалақыны 25 пайызға қысқартамыз деп шешкен еді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде