{metadescription}
Ақша айырбастау орындарындағы доллардың сату құны 240 теңгеге түсті
Ақша айырбастау орындарындағы доллардың сату құны 240 теңгеге түсті

Ақша айырбастау орындарындағы доллардың сату құны 240 теңгеге түсті

Елімізде доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қырық құбылып жатыр. Бүгін тіпті ақша айырбастау орындарында АҚШ ақшасының құны сәл түскендей болды. Яғни тақталардағы көрсеткіш 240 теңгенің айналасында боп тұр. Ал Ұлттық банктің ресми бағамы 255 теңге. 

Валюта нарығындағы мұндай тұрақсыздық бір аптадай сақталады дейді сарапшылар. Сондықтан алдағы күндері әлі де өзгерістер күтіп тұр. Ал доллар бағамының төмендейтіні немесе көтерілетіні әлемдік экономика мен сауда нарығына байланысты екені мәлім. Бірақ алда қалай болатынын күтпей, жаппай доллар сатып алып жатқандар жетерлік. Десе де кейбір ақша айырбастау орындары жұмыстарын уақытша тоқтатып қойған. Ал несиені доллармен алған отандастарымыз опық жеп қалды. Әсіресе, Ақтөбеде мұндай азаматтар көптеп саналады. Бүгін сондай несие алғандардың біразы Ұлттық банктің жергілікті бөлімінен ендігі тағдырларын сұрамақ болған еді. Алайда ондағылар доллармен қарыз алғандардың өздерін жазғырып отыр.

Маркон Қуатбаева, Ұлттық банк Ақтөбе филиалының бөлім басшысы:

- Білмеймін енді. Доллармен несие алғандарды мен өзім түсінбеймін. Біз Қазақстанда тұрып жатырмыз. Қазақстан теңгесінде несие алу керек сияқты. Өйткені бізде үйлер теңгеге сатылады.

- Алып қойғандар ше?

- Білмеймін енді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде