Павлодарда омыртқасы сынған төбетке иесі арнайы арба алдыртқан
Арбаға таңылған ит. Павлодарда омыртқасы сынған төбет енді арнайы арбамен жүретін болды.
Автор: Әйгерім Шакаманова
24.08.2015
Белі сынып, қараусыз қалған итті Лилия Хисматулина күшік кезінде ветеринарларға көрсеткен. Олар жануарды ұйықтатып тастауға кеңес беріпті. Алайда керекулік мамандардың сөзіне құлақ аспаған бойжеткен итті Новосібір қаласына жеткізіп, рентгенге түсіреді. Кейін Павлодарға оралған ол жұрттан көмек сұрап, бағасы 20 мың теңгелік мына арбаға тапсырыс берген екен. Ал Лилияның өзі болашақ кинолог. Биылғы оқу жылында итті өзімен бірге алып кетіп, жаттықтырып көрмекші.
Лилия Хисматулина, Павлодар қаласының тұрғыны:
- Кей адамдар арбаға таңылған итті көргенде, күліп жатады.Өз басым үй жануарларын жақсы көремін.Сондықтан оларға қолдан келген көмекті аямауға тырысамын. Міне, бастапқыда мамандар өледі деген жануар көшеде жап-жақсы қыдырып жүр. Көмек берген жерлестеріме алғысым шексіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!