{metadescription}
Петропавлда былтыр миллиондаған ақшаға жөндеуден өткен көпір жарамсыз боп қалды
Петропавлда былтыр миллиондаған ақшаға жөндеуден өткен көпір жарамсыз боп қалды

Петропавлда былтыр миллиондаған ақшаға жөндеуден өткен көпір жарамсыз боп қалды

Петропавлда былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен көпір жарамсыз болып қалған. Сондықтан жұмысшылар оны қайтадан қалпына келтіруге кірісіп кетті. Ал тұрғындар өткен жылғы жөндеу жұмысына бюджеттен бөлінген миллиондаған қаржы қайда кетті деп отыр. Оның үстіне шаһарда қайта салуды қажет етіп тұрған ескі жол мен өткелдер жетерлік.

Бұл таяуда ғана жұмысқа кіріскен құрылысшылар. Әкімдіктің тапсырысы бойынша мына жаңа көпірді бұзып, қайта салып шығуы тиіс. Жаңа деуіміздің себебі – ол былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен. Жұмысшылар оны енді тағы жөндей бастады 

Сөйтіп, Петропавлдың көпір құрылысының кесірінен тағы бірнеше айға жол жабық тұрмақ. Ел есебі бойынша, былтырғы жөндеу жұмысы 4 айға жалғасқан екен. Жаңа автомобиль өткелінің бір жыл ішінде несі ескіріп қалғаны да белгісіз. Бірақ көпірдің асфальты қайта алынып, бағандары бұзылып жатыр. Әрине, бұған тұрғындар наразы. Бірақ әкімдік жұрттан рұқсат сұрасын ба?

Мария Некрасова, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Осы көпірді былтыр ғана салды ғой. Шала салған болып тұр ғой, қайта бұзса. Енді тағы да бұдан да қаржы жымқырады. Әйтпесе, жаңа көпірді неге қайта бұзады? Түсінбеймін, ысырап жасап жатыр.

Ысыраптан бөлек, теміржолдың арғы бетіндегі жұрттың бергі жаққа қатынауы да тағы қиындаған. Көліктегілері қала сыртын түгел айналып барып орталыққа келсе, жаяулары құрылысты қиып өтуі тиіс. Ресми есепке қарағанда, былтыр көпір құрылысына 570 миллион теңге жұмасалған екен. Биылғы жұмысқа да осынша қаржы кетуі мүмкін.

Күлмәш Жұмағұлова, Петропавл қаласының тұрғыны:  

- Бұл жерден басқа орталыққа тура кіретін жол жоқ. Жалғыз өзім де өте алмаймын. Қыста қайтеміз, білмеймін! Екі қайтара жөндесін, бірақ неге күн суытқанда іске кіріседі, соны түсінбеймін!

Бұл сұраққа жауаптылардың өздері де жауап бере алмас. Бірақ осы жолы құрылыстың небәрі бір аптаға ғана созылатынына уәде беріп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде