Бес адамды өлтірген жауыз қылмыстық жауапкершіліктен құтылды
Павлодарда бес бірдей адамға ажал құштырған азамат қылмыстық жауапкершіліктен құтылды. Ол жүйкесі ауыратындарды емдейтін ауруханаға жіберілді. Естеріңізге салсақ, 35 жастағы Ермұрат Иманқұлов өзінің жүкті әйелі мен баласын, сондай-ақ, туған ағасын, әпкесі мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтірген еді.
Автор: Әйгерім Шакаманова
24.08.2015
Жұрттың жағасын ұстатқан қылмыстық істің материалдарына қарағанда, Иманқұлов жүкті әйелі мен 4 жасар ұлын тұншықтырып өлтіріп, ал ұйқыдағы ағасы мен әпкесін және 9 жасар жиенін пышақтап тастаған. Кейін өзіне де суық қару сұғып үлгерген ер адамға шұғыл ота жасалған болатын. Қанды оқиғаға дейін күдіктінің жүріс-тұрысынан өзгерістерді байқаған туыстары оның күйзеліске түсуіне жұмыстан қуылғаны себеп дейді. Ол бұған дейін Ұлттық гвардияда қызмет еткен. Медициналық сараптамалар бойынша ақыл-есі ауысқан деп танылған сотталушы бүгін қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Әскер Анапинов, Павлодар облыстық прокуратурасы оныншы басқармасының прокуроры:
- Барлық сараптамалар жүргізілді. Иманқұловтың қылмысты жасағаны толығымен дәлелденді. Созылмалы психикалық ауруға шалдыққандықтан, ол енді арнайы мамандардың жіті бақылауында болады. Егер денсаулығы түзелсе,қылмыстық іс қайта қаралады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!