{metadescription}
Елімізде АҚШ долларының құны әлі де құбылып тұр
Елімізде АҚШ долларының құны әлі де құбылып тұр

Елімізде АҚШ долларының құны әлі де құбылып тұр

Елімізде АҚШ долларының құны әлі де құбылып тұр. Бүгін шетел валютасының бағамы 227 теңге 26 тиынға дейін түсті. KASE биржасының таңғы сессиясындағы доллар саудасы 238 теңгеден басталған еді. Енді ең арзан бағам 204 теңгені құрап тұр.

Айта кетерлігі, жұма күні таңертең АҚШ ақшасының құны 252 теңгеден асқан  болатын. Алайда бір күнде ол 13 теңгеге арзандады. Бүгінгі жағдай да соған ұқсас. Еліміздің әр өңіріндегі валюта құны әртүрлі. Мәселен, шымкенттіктер долларды 210 теңгеден сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Ал алматы тұрғындары үшін ақша айырбастау орындарында АҚШ ақшасы 229-дан сатылып, 231-ге сатып алынды. Бірақ көп жерлерде қызмет тек сатып алу операциялары бойынша ғана атқарылды. Төл теңге мен доллар арасында нақты дәліз қарастырылмағанымен, сату-сатып алу операцияларының айырмасы 2 теңгеден аспауы шарт. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде