Елімізде Конституция күнін тойлау бүгіннен басталып кетті
Елімізде Конституция күнін тойлау бүгіннен басталып кетті. Әсіресе, Тұңғыш Президент қоры бұл мейрамды ерекше атап өтіп жатыр.
Автор: Досжан Маратұлы
25.08.2015
Ол үшін қордың қызметкерлері республикалық радиостанциялар арқылы байқау өткізген. Яғни, тікелей эфирде Конститутция жайлы сұрақтар қойылып одан сүрінбей жеңіп шыққандар бүгін Астанаға шақыртылды. Олардың қатарында ата заңымыз қабылданған күні туылған азаматтарымыз да бар. Бүгін олардың барлығына грамоталар табысталып, сый-құрмет көрсетілді. Кейін барлығы қолдарына күрек алып, Тұңғыш Президент қорының алдындағы баққа тал екті.
Тимур Асылханов, Тұңғыш Президент қорының менеджері:
- Бұл байқау республика бойынша жүргізілген. Оған 200 ге жуық адам қатысты. Бірақ тек 28-і ғана ата заңымыз бойынша қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алды. Оны еліміздің азаматтары конститутция жайлы білуі үшін өткіздік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!