{metadescription}
Алматы мен Астана жаңа оқу жылын оқулықсыз бастамақ
Алматы мен Астана жаңа оқу жылын оқулықсыз бастамақ

Алматы мен Астана жаңа оқу жылын оқулықсыз бастамақ

Жаңа оқу жылына елдегі облыстың көбі дайын емес! Әсіресе, тегін оқулық саны әлі де жеткіліксіз боп тұр. Кітаптардың көбі тек дүкен сөресіне ғана жеткізілген. Ал кеше Білім және ғылым министрлігі мұндай жайт еліміздің 4 облысында ғана тіркелді деген еді. Яғни, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарын атады. Бірақ шын мәнінде 1 қыркүйекті Алматы мен Астананың өзі әзірліксіз қарсы алмақ екен.

Шахноза мен Әсия Алматыдағы белді бір гимназияның оқушылары. 8-шы сыныпқа өткен. Екеуі былтыр кітаптың біразын дүкеннен сатып алған екен. Енді, міне, биыл да cол жағдай қайталанып отыр. Себебі тегін кітапты мектептері тек арнайы жеңілдігі бар балаларға ғана үлестіріп береді.   

Шахноза Сәбирова, 8-сынып оқушысы:

- Біздің мектепте оқулықты ең бірінші жағдайы жоқ және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға беріді. Ал тұрмысы жақсы отбасының балаларына кітап жетпей жатса, өздерің сатып алыңдар дейді. Міне, құрбым екеуміз сатып алған кітаптар. 

Қыздардың дүкеннен де таппағаны бар. Ол – әдебиетке қосымша хрестоматия оқулығы. Мұндай тапшылық Алматыдағы төменгі сынып арасында да көп кездесіп жатыр екен. 

Наталья Попова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Қызым №22 мектепте оқиды. 6-сыныпта. Биыл онда жаңа кітаппен қамтамасыз еткен. Бірақ математика және өзін-өзі тану пәндерінің кітабы жетпей қалған. Бірінші оқулықты таптым дүкеннен, екіншісін таппадым. Оқулық мәселесі шынында да қиын.

Кітап іздеп жүргендердің қатары елдің өзге өңірлерінде де жетерлік. Мәселен, Петропавлда оқулықтар мектеп кітапханасына дер кезінде жеткізілмегенімен, дүкенге тамыз айының басында-ақ шығарылған. Мың теңгенің айналасында қойылған бағасы бар.        

 - Так вот именно, что не выдали, нет на третий класс, мы вообще в деревне живем + 1000 тенге,400 тенге, если все брать ученику, это накладно.

Ал Білім және ғылым министрілігі болса, биыл ел мектептері 100 пайызға оқулықпен қамтылған деп есеп беруде. Әсіресе, 4-ші және 11-ші сыныптар арасында қиындық туындамау тиіс екен. 

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Бүгін біз ата-аналарға мәлімет бердік. Биыл 4, 5, 6, 7, 8 және 11 сыныптағыларға арналған оқулықтарға биыл 100 пайызға ақша бөлініп, 13 млрд. теңге бөлініп, сол оқулықтарды сатып алу жеткілікті. Барлық жұмыстар аяқталуда. Сондықтан биыл қиныдықтар болмайды деп үміттенеміз.

Дей тұрғанымен, кеше министрлік «1-ші қыркүйекке дайын емес» деп нақты 4 аймақты атаған еді. Олар:  Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстары болатын. Бірақ енді оның қатары ұлғайып жатыр. Аслан Сәрінжіпов мәселені реттеуге 27-ші тамызға дейін уақыт беретінін айтқан. Бірақ 3 айдың ішінде шешілмеген істің небәрі 2 күнде реттеле қоярына сену қиын-ақ. Сондықтан оқулық жыры әлі де біразға жалғасуы мүмкін.

 

 

 

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.