{metadescription}
Еліміздің мектептерінде үш пән тек қазақ тілінде оқытылмақ
Еліміздің мектептерінде үш пән тек қазақ тілінде оқытылмақ

Еліміздің мектептерінде үш пән тек қазақ тілінде оқытылмақ

Елімізде мектептердегі үш пән тек қазақ тілінде жүргізілетін болды. Яғни Білім министрлігі «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» және «Географияны» мемлекеттік тілде және бірқатар пәнді ағылшынша оқытуды жөн көріп отыр. Білім саласындағы тағы бір жаңалық – ұлттық университеттер қазына қаржысынан мүлдем қағылуы мүмкін. Білім саласына жауапты Бердібек Сапарбаев бүгін осы жағдайға ерекше тоқталды. Премьер-министр орынбасарының айтуынша, мұндай жоғары оқу орындарының пайдасынан шығыны көп, ал жұмысының нәтижесі жоқ. Мұның бәрі дәстүрлі тамыз кеңесінде сөз етілді. Оны тыңдауға депутаттар...

н ұстаздар,  тіпті істі болған бұрынғы Білім вице-минстрі Саят Шаяхметов те келді.

Аслан Сәрінжіповтың «Кембриджден кем емеспіз» деп мақтанышпен  көрсетіп тұрғаны  отандық авторлар  жазған ағылшын тілінің оқулықтары. Білім министрлігі жылдағы дәстүрі бойынша биыл да бар жетістіктерін  көрмеге қойып, тамыз кеңесін өткізді. Басты қонақ – премьердің орынбасары электрондық оқулық, түрлі зертханалық құрал-жабдықтармен түгел танысып шықты. Тіпті музыка пәнінің ұстаздары Сапарбаевтың алдында ән салып үлгерді. 

-Жүргек пойыз көңілді, Асулардан асады, әуеніне басады...

Тамыз кеңесіне депутаттар, еліміздің түкпір-түкпірінен ұстаздар келген. Тіпті «Өскемендегі мектеп-интернатқа бөлінген бюджет қаржысын жымқырды» деген күдікпен  үйқамақта отырған  бұрынғы Білім вице-министрі Саят Шаяхметов те жүр. Экс-шенеунікті тұтқыннан босатыпты. Бірақ әзірге оған камераға сұхбат беруге рұқсат жоқ екен.

–Келуге бола ма сізге мұндай жерлерге?

 –Болады, болады, с меня арест сняли же.

Сондықтан Саят Шаяхметов те жұрт қатарлы залда отырып орта білім саласын күтіп тұрған реформаларды тыңдады. Сонымен, Білім министрлігі мектеп бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізбек. Мәселен, бастауыш сыныптарға «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Жаратылыстану», «Дүниетану» сынды пәндер қосылады. Ал «Қазақстан тарихы» бұрынғыдай 6-сыныптан емес, 5-сыныптан оқытылмақ. Тағы бір жаңалық – енді «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» мен «Географияны» барлық сыныптарда тек мемлекеттік тілде оқытылады.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

-  Жаңа бағдарламаға 2016 жылы бірінші сынып көшеді, ал 2020 жылы мектеп толық ауысады. Және үштілдік модель  енгіземіз. Қазақ тілі мен орыс тілін кезең-кезеңмен үйретуді бірінші сыныптан бастаймыз. Ал, жоғары сыныптарға «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология»  пәндерін ағылшын тілінде оқытуды ұсынамыз.

Тамыз кеңесінде жоғары оқу орындарындағы білім сапасы  да сөз болды. Премьер-министр  орынбасарының, әсіресе, ұлттық университеттердің жұмысына  көңілі толмайды екен. 14 ұлттық университке жылда қазынадан  миллиондар бөлінеді,  қосымша қаржы көзі тағы бар. Бірақ, пайдасынан шығыны басым екен.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

-  Ұлттық университтердің жұмыс істеп тұрғанына  14 жыл болды. Нәтиже жоқ. Ректорлары ешкімнің алдында есеп бермейді. Олардың кейбірінің деңгейі қарпайым жоғары оқу орнынан да төмен.Мұндай оқу орындарына енді бюджеттен  ақша берерде жақсылап ойлану керек.

Осылайша, орта білім беру саласын ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Білім министрлігі жаңа оқу жылында әсіресе, қазақ тіліне көп көңіл бөлмек. Сондай-ақ, биылдан бастап ауыл-аймақтардағы 30 оқу орны  Назарбаев зияткерлік мектебінің бағдарламасына, яғни, халықаралық стандартқа көшеді. Және дәл осы оқу орындарындағы ұл-қыз  12 сыныпты тәмамдайды. Ал жаңа бағдарламаға еліміздегі мектептер толық 2020 жылы ауысады екен.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.