Журналист екі әріптесін тікелей эфир кезінде атып өлтірді
АҚШ-та журналист екі әріптесін тікелей эфир кезінде атып өлтірді. «WDBJ-7» арнасының танымал репортері Элисон Паркер мен оператор Адам Уард таңғы жаңалықтарға сұхбат алып жатқан екен. Қылмысын қаскөйдің өзі де камераға түсіріп, әлеуметтік желіге салып үлгерген.
Автор: Құралай Пионер
27.08.2015
Қайғылы оқиға Вирджиния штатында болған. Түсіру тобы жергілікті кәсіпкерден жаңалықтарға сұхбат алып жатқан екен. Қаруланған азамат алдымен репортер қызды, кейін операторды атып салған. Қылмыс орнынан 12 оқтың гильзасы табылды. Соның бірі сұхбат беруші келіншектің иығына тиіп, оны да жаралаған екен. Ал 24 жастағы Элисон Паркер мен 27 жастағы Адам Уорд сол жерде жан тапсырды. Полиция күдіктінің кім екенін әлеуметтік желідегі аккаунты арқылы лезде анықтаған. 42 жастағы Вестер Ли Флэнаган да аталған арнаның тілшісі болған екен. Тек кезінде жұмыстан қуылыпты. Флэнаган ұсталарының алдында өзін де атқан. Сөйтіп, ол ауруханада көз жұмды. Twitter-ге қалдырған жазбасына қарағанда, Флэнаганның мұндай қылмысқа баруына бірінші – қызметінен қуылуы, екінші – әріптестерінің «қара нәсілді» деп жиі кемістуі себеп болыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!