{metadescription}
 ЭКСПО басталмай жатып ұрланған миллиардттардың нақты сомасы айтылды
 ЭКСПО басталмай жатып ұрланған миллиардттардың нақты сомасы айтылды

ЭКСПО басталмай жатып ұрланған миллиардттардың нақты сомасы айтылды

«Астана Эксподан» нақты қанша қаржы ұрланғаны ақыры  белгілі болды. Ұлттық компанияның Ермегияев бастаған бұрынғы лауазымды менеджерлері 10 миллиардтан астам теңгені қалтаға басыпты. Оның 4 миллионынан астамын Талғат Ермегияевтің жеке өзі жымқырғанын жемқорлыққа қарсы Агенттік сотта дәлелдеп беруге дайын отыр. Бүгін Мәжіліске келген Қайрат Қожамжаров облыс әкімін тағынан тайдырған Қостанайдағы былық туралы да ашып айтты.

Бүгін Мәжілістің отырысы қоштасу кешіне ұласып кете жаздады. Себебі Үкіметке вице-премьер боп ауысқан Дариға Назарбаеваны әріптестері қимай жатыр. Сөйтіп, оны жаңа қызметіне орындарынан тік тұрып, үлкен қошеметпен шығарып салды.

Мәжіліске іргелес орналасқан Үкімет үйінен Дариға Назарбаева енді  экс-әріптестерінің алдында талай заң жобаларын қорғауға келері анық. Ал кішігірім салтанатты шарадан соң ұйқыға кеткен депутаттарды спикер түртіп оятқандай болды.

- Сіздер не спите, жылдамырақ, оперативно работайте...

Төменгі палата бүгін осы қарқынмен 30-дан астам жаңа заң жобасын  қарап, бірінші оқылымда мақұлдап жіберді. Тек Мемлекеттік қызмет туралы заң жобасын әкелген жемқорлықпен басты күрескер Қайрат Қожамжаровты   депутаттар «командалық басқарудың»  тыйылмай отырғаны үшін сынады. Бір қызығы енді билікке шетел азаматтары да жұмысқа алынбақ. Осындай бастамаларын бекітіп алған Қожамжаров Мәжілісте тұрып «Астана Эскпо 2017» ұлттық компаниясынан ұрланған миллиардттардың нақты сомасын атады.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Қазір қылмыстық істің материалдарымен танысып жатырмыз. 24 адам жауапқа тартылады. Жалпы ұлттық компаниядан 10 миллиард 200 миллион теңге ұрланған.

Қолды болған қыруар қаржының 4 миллиард 200 миллионын Талғат Ермегияевтің өзі жымқырғанын агенттік нақты айғақтармен дәлелдеп бермек. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, қазір Есілдің жағалауындағы зәулім пентхауста үйқамақта отырған «Экспоның» экс -басшысы сыбайластарымен бірігіп жеген бюджет ақшасына қымбат баспана, қонақ үй мен шетелдік көліктер сатып алып үлгерген екен. Қожамжаров бүгін, тура жұмыс орнында қолына кісен салынған Қостанай әкімінің қос орынбасарына қатысты былықтың да бетін ашты.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

-  Қостанай қаласының әкімі, оның орынбасары мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына айып тағылды. Олар қызметтік бабын асыра пайдаланып, 300 мыңнан  14 миллион теңгеге  дейін пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Қарамағындағыларының былығынан соң қызметінен алынып қазір көрінбей кеткен Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтан да жауап алынуы мүмкін. Бірақ Қожамжаров бұл атышулы іске қатысты тергеудің енді басталғанын айтып отыр. Бір қызығы, атынан ат үркетін агенттік бұрынғы  білім вице-министрі Саят Шаяхметовтің пара алғанын сол күйі дәлелдей алмауы ғажап емес. Сондықтан ол, түбегейлі ақталып шығуы ықтимал. Осылай болса, Қожамжаров өз қызметкерлерін жазалауы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.