{metadescription}
«Абай» операсы еуропалық стильде сахналанбақ
«Абай» операсы еуропалық стильде сахналанбақ

«Абай» операсы еуропалық стильде сахналанбақ

Көптен күткен премьера! Дәл осы сағаттарда Астана опера театрында «Абай» операсының жаңартылған нұсқасы қойылып жатыр.

Шоқтығы биік туындыны түрлендіруге италиялықтар атсалысқан. Сахнаның безендірілуі мен артистердің киімдеріне дейін шет ел мамандары тігіп әзірлепті. Ал, музыкалық жанры сол қалпында сақталып отыр. Мұхтар Әуезовтың либреттосына Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди арнап жазған опера 70 жылдан астам уақыт бойы сахналанып келеді. Ал, бүгін тұңғыш рет италиялық режиссердің жетекшілігімен орындалуда. Қойылым орыс, ағылшын тілдеріне аударылған. Алдағы уақытта «Абай» операсын италиян тілінде сөйлету де қолға алынбақшы. Ал, опера ертең де көрсетіледі.

Талғат Мұсабаев,  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

-Бұл жолғы қойылым «Абай» операсын әрлей түседі. Әрі заманға сай орындалып опера еуропалық стильде орындалады десек болады. Бұрын соңды мұндай болып көрген емес. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде