Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшысы атанды
«The Ring» басылымы ұйымдастырған дауыс беру нәтижесінде даңқты жерлесіміз алға суырылып шықты.
Автор: Олжас Байжан
25.09.2015
Головкинге оқырмандардың 72 пайызы, яғни 69 мыңнан астам адам дауыс берген. Екінші орында 24 пайыздық көрсеткішпен никарагуалық Роман Гонсалес, үздік үштікті филлипиндік Мэнни Пакьяо түйіндепті. Ол небәрі 1 пайыз дауыс жинаған. «The Ring» журналының аталмыш дауыс беруді ұйымдастыруына Флойд Мейвезердің спорттық мансабын аяқтау жайлы шешімі себеп болған. Ол осы күнге дейін әлемнің үздік былғары қолғап шебері болып есептелді. Ал Головкиннің рингтегі кезекті кездесуі Нью-Йорктағы «Madison Square Garden» алаңында өтеді. 17 қазанда отандасымыз канадалық Давид Лемьемен жұдырық түйістірмек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!