Алматыда жастар фестивалі өтті
Аман рух – аман келешек! Алматыда осындай ұранмен республикалық жастар фестивалі өтті. Осымен екінші рет ұйымдастырылған шараға қатысушылар саны 4 мыңнан асқан.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
28.09.2015
Мәдени-спорттық фестивальге еліміздің әр өңірінен келген мектеп оқушылары қатысты. Арасында мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасы балалары да бар. Шара аясында астрономия, кино түсіру, волейбол сынды 19 тақырыптық алаң ұйымдастырылған. Мұнда қатысушылар әр кәсіппен танысып, шеберлік сыныптарынан өтті. Айта кетсек, «Аман келешек» жобасы жыл сайын Тұңғыш Призент қорының қолдауымен өткізіледі. Басты мақсаты - мәдениет пен шығармашылықты байланыстыра отырып, балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Сағындық Нұраханов, Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры:
– Жасөспірімдерді шығармашылыққа, спортқа баулығымыз келеді.Фестивальге арнайы шақырылған спортшылар, өнер адамдары мен саясаткерлер өз тәжірибесімен бөлісіп, жетістікке жету жолын үйретеді. Осылайша, балалардың қызығушылығын оятуды көздейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!