Түнде ай қызыл түске боялады
Қорқынышты әрі таңғажайып құбылыс! Бүгін жер шарының тұрғындары қызыл түске боялған айды тамашалай алды. Астана уақытымен таңсәріде басталған астрономиялық құбылыс 1 сағатқа жалғасқан.
Автор: Аруна Ортай
28.09.2015
Жер серігі соңғы рет осыдан 33 жыл бұрын қан секілді қызарған. Ғаламшарда Күн, Жер мен Ай бір қатарға тізіліп, нәтижесінде ай жерге жақындай түсіп, ал жер оны қып-қызыл түске бояйды екен. Ғалымдар мұны сирек кездесетін астрономиялық құбылыс деп түсіндірсе, ал тылсым күшке сенгендер, керісінше, жұрттың үрейін ұшырып, мұның соңы зор апатқа әкеледі деп сендіруде. Таңғажайып құбылысты көзбе көз тек АҚШ, Канада, Австралия мен Оңтүстік-Шығыс Азия тұрғындары тамашалай алған. Қалған құрлық тұрғындарына аспандағы ғажайыпты тек ғаламтор арқылы қарауға мүмкіндігі бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!